Әйелдер денсаулығына арналған сheck-up
Жасырын түрде, симптомдарсыз өтетін аурулар, соның ішінде гинекологиялық аурулар болады. Бұл жағдайларды дер кезінде анықтамау және емдемеу қайтымсыз салдарға (бедеулік, жатыр мойны және сүт безі обыры, жүрек, қалқанша без аурулары) әкелуі мүмкін. Қазіргі замандағы өмір қарқынын, дұрыс тамақтанбауды, ұйқының жетіспеушілігін, гиподинамияны, экологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, жас әйелдерде де сұсты аурулардың жиі кездесуі орын алуда, ал жас ұлғайған сайын патологияның даму қаупі едәуір арта түседі.